БҚО-да бекіре аулап, сотталғандардан 10,9 млн теңге өндірілді

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда,аумақтық инспекция мен полиция қызметкерлері Ақжайық ауданында Жайық өзеніненжалпы салмағы 20,4 кг 25 бекіре балығын аулаған 12 адамды ұстаған еді.

Ақжайық ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруде заңдылықтыңсақталуын қамтамасыз етті.

Алмалы, Ақбұлақ, Жанама, Қарауылтөбе және Шабдаржап ауылдарының тұрғындарыау құралдарын пайдаланып, «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жәнепайдалану туралы» заңның 39-бабының өзендерде бекіре балықтарын аулауға тыйымсалу туралы талаптарын бұзған.

Ақжайық аудандық сотының үкімімен аталған адамдар ҚР ҚК 335-бабы 3,4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, оларға 1 жылдан 2 жылға дейін басбостандығын шектеу, шартты түрдегі жаза және 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегіжазалар белгіленді.

Сотталғандардан барлығы 10,9 млн теңге материалдық шығын өндіріліп, алынғанбалықтар мен көлік құралдары мемлекет пайдасына тәркіленді. Ал ау, шана, күрекжәне басқа заттар қылмыс құралы ретінде жойылды.

Сот актілері заңды күшіне енді.