БҚО-да Беларусь азаматы полицияға пара беру кезінде ұсталды

Фото: Фото: ІІМ

Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне пара беру кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп жазды ІІМ-нен.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Келуге міндетті» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.