Вице-министрдің айтуынша, балалардың отпен ойнауынан өрт шығуы мүмкін.
— Балалар ойнап жүріп, қандай да бір қауіпсіздік ережелерін бұзған болуы ықтимал. Қазір нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл отбасы бұрыннан-ақ әкімдік есебінде тұрған, ондай отбасылар туралы барлық мәлімет біздің ведомствоға да беріледі. Біздің журналдарда олардың үйінде қыркүйек айында профилактикалық жұмыс жүргізілгені тіркелген. Алайда шамамен бір жарым ай бұрын олар басқа пәтерге көшіп кеткен, — деді Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында.
Еске салсақ, 4 маусым күні Батыс Қазақстанда өрттен бір отбасынан бес бала көз жұмды.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.