БҚО-да бір аптада 413 адамнан коронавирус анықталды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында бір аптада - 413, соңғы тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыс «қызыл» аймаққа қайта кірді.

Осы кезге дейін облыста 13878 адам коронавирус жұқтырып, соның 11459-ы жазылып шықты. 219 адам өмірден озды.

Пневмонияға шалдыққан 250 адам стационарлық, 40 науқас амбулаторлық ем алуда.

Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына - 6, оттегі концентраторына - 14, орталықтандырылған оттегі көзіне 68 адам қосылған.

Инфекциялық ауруханаларда - 275, карантиндік стационарларда - 38 адам емделуде. 16 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Қыркүйек айынан бері ауырған балалар саны 536-ке жетті. Биыл 358 бала коронавирус жұқтырған.

Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 35 адамнан індет табылды. Ал Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясында биыл 48 адамның ауырғаны тіркелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы төрт күнде 231 адамнан коронавирус табылғанын жазған болатынбыз.