ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қос қайғылы оқиға да 15 тамыз күні орын алды.
Кеше 1994 жылғы жас жігіт сағат 15.10-да Желаев кенті ауданында жасанды су қоймасына шомылуға болмайтын жерден түсіп, батып кеткен. Жедел құтқару жасағының 3 қызметкері 1 техника, 1 жүзу құралының көмегімен марқұмның денесін 16.41-де судан шығарды.
Сол күні Теректі ауданы Сатымшеген ауылы маңындағы жасанды су қоймасында сағат 16.00-де 1999 жылғы тағы бір жас адам батып кетті. Ол да шомылуға рұқсат етілмеген жерден түскен. Марқұмның денесін төрт ауыл тұрғыны тауып, сағат 19.00-де шығарды.
Осылайша бір күннің ішінде екі бірдей жас ғұмыр үзілді.
Облыста соңғы он жылда 270-тен астам адам суға батып кетсе, соның 70-тейі - балалар.
Еске сала кетейік, кеше Шалқар көлінде төрт адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).