ОРАЛ. ҚазАқпарат - Теректі аудандық сотында ресейлік азаматты ҚР заңнамасының бірнеше талабын бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан шығарып жіберу туралы БҚО ішкі істер департаментінің арызы қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған азаматқа қатысты өткен жылы бұзақылық және ұрлық белгілерімен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, тараптардың татуласуына байланысты қысқартылған болатын.
Сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған шетелдікті Қазақстанда қалдыруды орынсыз деп тапты. Сонымен бірге оның Қазақстанда некеде тіркелмегені, балаларының жоқ екендігі анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).