АЛ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда бөлшек сауда көлемі 88,9 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 12,0 пайызға асып түсті.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде сауда кәсіпорындары 32,5 млрд. теңге, базарлар мен жеке кәсіпкерлер 56,4 млрд. теңгенің тұтыну тауарларын өткізді.
Ірі және орта кәсіпорындары 16,8 млрд. теңгенің (18,9%), шағын кәсіпорындар 15,7 млрд. теңгенің (17,7%), жеке кәсіпкерлер 37,9 млрд. теңгенің (42,6%), базарлар 18,5 млрд.теңгенің (20,8%) тауарын сатты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).