БҚО-да боранды күні жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
18:16, 24 Қараша 2023
Батыс Қазақстан облысында боранда жоғалып кеткен ер адамның денесі даладан табылды, деп хабарлайды Kazinform.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесін тұрғын 24 қараша күні сағат 12.00-де Теректі ауданы Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерден тапқан.
«62 жастағы ер адамның денесінде күш қолдану белгілері жоқ. Қазіргі уақытта адам өлімінің себебін анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жолданды», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранда жоғалған 62 жастағы ер адамның ұшақпен іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Орал қаласында саяжай тұрғындары екі күн бойы жарықсыз қалды.