ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қатты боранға байланысты жолдар таңғы сағат 6.00-ден бастап жабыла бастады.
Атап айтқанда, алдымен республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын», «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», «Подстепный-Федоров-РФ шекарасы» бағытындағы жолдарға шектеу қойылды.
Жергілікті сағат 09.00-ден бастап барлық жолдар жабылды.
Облыс орталығы Орал қаласында да жел ұйтқи соғып, боран болып тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын да өңірде барлық жолдың жабылғанын, кеше ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жасалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).