ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстаноблысында боранға байланысты тағы бір республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 16.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара - Шымкент жолы (394-526 км, Жымпиты -Ақтөбе облысы шекарасы аралығы) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайыновтың айтуынша, облыс бойынша соңғы үш күнде 406 адам қарқұрсауынан құтқарылды.
Сонымен қатар 114 автокөліктазартылған жерге шығарылып, 17 адам эвакуацияланды.
«Қазіргі кезде де құтқарушылар жол бойларындажұмыс жасауда», деді ҚазАқпарат тілшісіне Ж.Құсайынов.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланғанын, ал бүгін жолдардың жабылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).