ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы аумағында 16-26 маусым аралығында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара мақсаты - борышкерлерден әкімшілік айыппұлдарын өндіру. Соған орай полиция қызметкерлері борышкер азаматтардың тұрғылықты мекенжайына барып, ықпал ету жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ «Автоураган» стационарлық кешенінің көмегімен айыппұлды қасақана төлемей жүргендердің көліктері ұсталады.
Осы мерзім ішінде полиция қызметкерлері 5 млн 358,298 мың теңге өндірді. 19 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).