БҚО-да бұрынғы шенеунік 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды

Фото: Polisia.kz

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер адам екі айға қамалды.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Прокуратура мәліметіне қарағанда, іс өндірісте. Материалдар күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауды қарау туралы сотқа жіберілген. 

- Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған едік.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағына (кәмелетке толмаған қызды зорлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. 

Тұрғындар сөзіне қарағанда, 57 жастағы күдікті Шыңғырлау ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Оқиғадан кейін қызметінен босатылған