БҚО-да бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ
18:31, 24 Желтоқсан 2017
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері бұрқасын соғып, көктайғақ болмақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25-26 желтоқсанда кей жерлерде қар жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетуі ықтимал. Облыс орталығында да желдің жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 метрге жетпек. Бұрқасын соғып, көктайғақ болады.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарды сақтандырды.