«БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «БҚО Бәйтерек ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ның бас маманы И.Ілеске қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол аталған мемлекеттік мекеменің қажеттілігі үшін тауар-материалдық құнды заттарды сатып алуға бөлінген 2,4 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелген», делінген хабарламада.
26 қыркүйекте БҚО Бәйтерек аудандық сотының үкімімен И.Ілеске бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзіміне (1 жылға жазаны кейінге қалдыра отырып) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы белгіленді.