ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында «Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін» деген тақырыпта дәстүрлі облыстық Жұбан оқулары мәреге жетті.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Жас толқын» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқау үш кезеңде өтті. Қазылар алқасының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Азамат Мамыровтың айтуынша, іріктеу кезеңіне 60 үміткер қатысса, соның 23-і ғана қорытынды сайысқа жіберілді. Оған колледждер студенттері ғана емес, қала, аудандардағы мектеп оқушылары да қатысты.
Байқау қорытындысында Жаңақала ауданынан келген Айжанат Қадыралиева жеңімпаз атанса, ақжайықтық Райса Нәсіпқали, қаратөбелік Зәуре Қариева - екінші, шыңғырлаулық Индира Масабаева, оралдық Марина Биғалиева үшінші орынды бөлісті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).