БҚО-да демалушыны өлтірген жағажай күзетшісі сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов аудандық №2 сотының үкімімен Жайық өзені бойындағы карьер жағажайының күзетшісі болып жұмыс жасаған Д.Тілекқабылов ҚР ҚК 106-бабы 3-бөліміне сәйкес айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Д.Тілекқабылов өткен жылғы 26 маусымда жағажайға демалуға келген Э.Сыйқовпен сөзге келіп, басынан бір мәрте соққы жасаған. Марқұм оқиға орнында есін жимастан көз жұмған.

Д.Тілекқабылов айыптауда көрсетілген кінәсін ішінара мойындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.