ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың 15 шілдедегі қаулысына сәйкес облыс аумағында қатаң карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 18 шілде күні сағат 00.00-ден 20 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін, 25 шілде күні сағат 00.00-ден 27 шілде күнгі сағат 00.00-ге дейін және 1 тамыз күнгі сағат 00.00-ден 3 тамыз күнгі сағат 00.00-ге дейін ашық үлгідегі азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар қызметі тоқтатылады.
Сондай-ақ осы уақытта қоғамдық көліктер жүрмейді.
Еске сала кетейік, Оралда тағы бір провизорлық стационар ашылған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).