ОРАЛ. ҚазАқпарат - 30 шілде күні Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде далада болған өрттен сол кезде қой бағып жүрген 1990 жылғы азамат қазір Орал қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, денесін 80 пайызға дейін күйік шалған жігіттің жағдайы ауыр. Дегенмен өзі демалып жатыр, барлық қажетті ем жасалуда. Өрттен кейін Жалпақталдағы дәрігерлер қарап, тасымалдауға жарайтындай жағдайға жеткізгенше емдеді.
Еске сала кетейік , Талдыпан ауылдық округінде болған өрттен 600-ге жуық қой-ешкі жанып кетіп, қатты зардап шеккен қойшы әуелі Жалпақтал ауруханасында ем алып, одан санавиациямен Оралға жеткізілген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).