ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 247 091 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, бұл - облыс бойынша егілуге тиісті тұрғындардың 59,7 пайызы
Соның ішінде 227 811-і (55 пайызы) екінші компонентті де алды.
Қазіргі кезде өңірде вакцина қоры жеткілікті.
Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 16,9 пайызға (33 науқасқа) төмендеді.
Пандемия басталғаннан бері тіркелген 39 580 науқастың 37 148-і жазылып шықса, 833-і көз жұмды.
Күні бүгін облыс бойынша 380 адам амбулаториялық ем алуда.
Оған қоса 821 төсектік 16 инфекциялық стационарда 136 науқас жатыр. Соның 9-ы жансақтау бөлімінде. Олардың біреуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 1, инвазивті емес сондай құрылғыға 4, оттегі концентраторына 4 науқвс қосылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ұлтымыздың дені сау болуы үшін жастарымыздың да уақтылы екпе алуы маңызды екенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).