Маңызды салаларға 530 қажетті техника сатып алынды. Оларға облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеден (10,3 млрд) астам қаржы бөлінді.
Атап айтқанда, төтенше жағдай саласына – 44 бірлік, полиция департаментіне – 165 бірлік, орман мекемелеріне – 88 бірлік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – 58 бірлік, денсаулық сақтау саласына – 117 бірлік, білім саласына – 58 бірлік техника алынды.
Материалдық техникалық базаның жаңғыртылуы – тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасының артуына әкеледі.
Алдағы уақытта материалдық базаны жаңғырту жұмыстары жалғасады.