БҚО-да елу жасар әйелді өлтіргендер ұзақ мерзімге сотталды

None
ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 50 жасар әйелді өлтірген қос тұрғынға ұзақ мерзімге жаза кесті.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шолақ аңшы мылтығымен қаруланған екеу өздері дәулетті адамдар тұрады деп есептеген коттеджді тонамақ болады. Олар қожайындарының кешкісін көбінде үйінде болмайтынын білген. Солай деп ойлаған қаскүнемдер терезеден түспекші болады. Терезе ашылмаған соң, тас лақтырады. Осы кезде дыбысқа оянған үй иесінің әйелі терезе жабынын ашып қарайды. Дәл сол сәтте мылтық атылып, әйел мерт болады.

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 15 жылға бас бостандығынан айрылса, екіншісіне 8 жыл кесілді. Екеуі де жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.