ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ер адам балық аулаймын деп жүріп суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Жаңақала ауданында болды.
Жедел құтқару жасағының 4 қызметкері 1 техника, 1 жүзу құралының көмегімен 7 шілде күні сағат 10.30-да Жаңаталап ауылынан 15 шақырым жердегі Еділсор көлінен 1979 жылғы тұрғынның денесін алып шықты.
Марқұм 5 шілде күні балық аулау кезінде суға батып кеткен.
БҚО ТЖ департаменті мұндай қайғылы оқиғалардың суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан орын алып жатқандығын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде 14 жасар қыздың суға кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).