ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жібермек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Ақсай қаласында Теміржол көшесінде болды.
Букмекерлік кеңсеге келген ер адам қызметкерден ақша талап еткен.
Ойлағаны орындалмағаннан кейін кеңседен шығып, тез жанатын сұйықтықпен ғимаратты өртемек болған.
Сол маңда жүрген полиция қызметкерлерінің қырағылығы арқасында қайғылы оқиғаға жол берілген жоқ. Қаскүнем ұсталды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).