БҚО-да иіс тиіп уланған әйел қаза тауып, балалары аман қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 10 қаңтар күні сағат 19.00 шамасында Ақсай қаласында өз үйінде газдан иіс тиіп, уланған 1979 жылғы әйел Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталмыш аурухана директоры Жұмабек Шайхиевтің айтуынша, дәрігерлер қанша көмек көрсеткенімен, ажалға араша тұра алмады. Әйелмен бірге үйде 2013 жылғы егіз ұлы мен қызы болған. Оларға уақтылы медициналық көмек көрсетілген, қазір жағдайлары қалыпты, аудандық ауруханада ем алуда.