ОРАЛ. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы наурызда инфляция деңгейі 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 100,9 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 2012 жылдың қаңтар-наурызында азық-түлік тауарларының бағасы 1,5 %-ға өсті. Еттің бағасы 4,4 %-ға, соның ішінде шошқа еті - 0,9 %-ға, қой еті - 2,7 %-ға, жылқы еті - 6,2 %-ға, сиыр еті 8,8 %-ға көтерілді.
Биылғы бірінші тоқсанда көкөністер бағасы - 2,2 %-ға, соның ішінде қызылша - 2,5 %-ға, сабақты пияз 7,1 %-ға төмендеді. Картоп 7,2 %-ға арзандады. Осы кезеңде ұн бағасы 0,9 %-ға, жарма - 1,5 %-ға, май және тоңмай 3 %-ға түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).