БҚО-да инфляция деңгейі 103,4 пайызды құрады
11:37, 10 Мамыр 2011
ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сәуірде өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда инфляция деңгейі 103,4 пайызды құрады.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, төрт айда азық-түлік тауарларының бағасы 6,4 пайызға көтерілді. Ет 9,1, соның ішінде жылқы еті 5,2, қой еті 9,3, сиыр еті 13,2, шошқа еті 10 пайызға қымбаттады.
Жыл басынан бері жеміс-жидек, көкөніс бағасы 14,2, соның ішінде қырыққабат 42, пияз 27,9, қызылша 26,3, картоп 20,1 пайызға өсті. Қант 15,3, ұн 7,3, сүт, ірімшік пен жұмыртқа 3,5 пайызға көтерілсе, күріш 7 пайызға арзандады.