БҚО-да инвестиция көлемі 163,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 12,5 пайызға өсті

None
ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда өңір экономикасына құйылған инвестиция көлемі 163,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 12,5 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның қомақты бөлігі, яғни 73,5 пайызы өнеркәсіпке бағытталды. Сондай-ақ 8,2 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 9,4 пайызы - көлік және қоймалауға, 2,7 пайызы денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға жұмсалды.

Инвестицияның 65,5 млрд. теңгесі Бөрлі, 50,5 млрд. теңгесі Зеленов аудандарына, 29,6 млрд. теңгесі Орал қаласына тиесілі.