ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда өңір экономикасына құйылған инвестиция көлемі 163,4 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 12,5 пайызға өсті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, инвестицияның қомақты бөлігі, яғни 73,5 пайызы өнеркәсіпке бағытталды. Сондай-ақ 8,2 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 9,4 пайызы - көлік және қоймалауға, 2,7 пайызы денсаулық сақтау мен әлеуметтік салаға жұмсалды.
Инвестицияның 65,5 млрд. теңгесі Бөрлі, 50,5 млрд. теңгесі Зеленов аудандарына, 29,6 млрд. теңгесі Орал қаласына тиесілі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).