БҚО-да ірі және орта кәсіпорындардың мерзімі өткен берешегі 2333,3 млн. теңгеге жетті
13:48, 30 Желтоқсан 2011
ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 желтоқсанға ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 2333,3 млн. теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде жалақы қарызы - 6,9 млн. теңге.
Биылғы он бір айда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 575509 млн. теңгені құрады. Осы салада 92931 адам жұмыс жасайды, бұл былтырғыдан 4,3 пайызға кем.