ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз кеткен 22 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 4 қараша күні шамамен сағат 09.00-да Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88 мекенжайындағы үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған.
Үстіне капюшоны бар қызыл пальто, көк түсті джинсы, қара кофта, аяғына қоңыр етік киген.
Бойы - 170 см, салмағы - 60 кг, шашы - қара, ұзын.
Құндыз Мұратқызының қайда жүргенін көрген-білгендер болса, 102 немесе 8-778-544-44-34 телефонына хабарласуына болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).