БҚО-да кәріз-сорғы стансасы іске қосылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Президент тапсырмалары жүйелі орындалып келеді.

Фото: БҚО әкімдігі

Кейінгі 3 жылда су бұру жүйесінің үздіксіз қызметін ұйымдастыру мақсатында нақты істер атқарылды. Мәселен, бүгін 150 мың тұтынушыны қамтитын № 18А кәріз-сорғы стансасы қайта жаңғыртудан соң іске қосылды. Салтанатты рәсімге аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысты.

Фото: БҚО әкімдігі

2023 жылы жасақталған жол картасына сәйкес Орал қаласында негізгі жүктемені көтеретін 8 ірі стансаны жөндеу жоспарланса, соның алтауы жаңғыртылды. № 1 және № 29 кәріз-сорғы стансаларын жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Аталған 8 жобаға бюджеттен 12,3 млрд теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде кәріз жүйесінің тозу деңгейі 63 пайыздан 55 пайызға түседі. 366 мыңнан астам тұтынушы тұрақты су бұру қызметімен қамтылады.

Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі жаңа нысанның әлеуеті және жұмысшыларға жасалған жағдаймен танысты. Нариман Төреғалиев қуаты төмен, кіші сорғы стансалары да кезең-кезеңімен жөнделетінін жеткізді. 

Фото: БҚО әкімдігі