БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткенінлей, оқиға 10 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылында болды.
«Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда айырылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды»,-деп хабарлады ведомстводан.
Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеген, бригада жұмыстануда.
«Таңғы сағат 05.00-ден кете электр жарығы сөніп, 10.00-де жанды. Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Трекин ауылының тұрғыны Қуаныш Таубаев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бұдан бұрын БҚО-да аяздың күшеюіне байланысты көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.