ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қатты боранға байланысты жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 21.30-дан бастап республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ» шекарасы жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Бұл маңда желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Осыған орай тұрғындарға ескерту жіберілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты жол жабылғанын, алпыстан астам автокөліктің қар құрсауынан шығарылғанын жазған болатынбыз.
18 ақпаннан 19-ына қараған түні облыста барлық жолдар жабылды. Кейбір елді мекендерде жарық та жиі-жиі сөнді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).