ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 29-30 тамыз күндері облыстың кей жерлерінде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Сондай-ақ найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында осы күндері желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнауы ықтимал. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті тиісті алдын алу шараларын қамдау қажеттігі жөнінде ескерту жариялады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).