БҚО-да қатты жел үйлер мен ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті
Оқиға 21 шілде күні сағат 16.00 шамасында Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылында болды.
Аудандық ТЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рауан Қашқынбаевтың сөзіне қарағанда, қатты желдің салдарынан 50-ден астам үйдің, бірнеше ғимараттың шиферлары ұшып кеткен.
Қазіргі кезде ауылда арнайы комиссия жұмыс жасап, келген шығын есептелуде.
Айта кетейік, сол күні кешкісін Орал қаласында да күн күркіреп, найзағай ойнап, қатты жауын болды. Соның салдарынан көшелер өз алдына, «Сити центр» сауда орталығының төменгі қабатын су басты. «Орал» сауда көңіл көтеру орталығының төбесінен су ақты. Бұл туралы вацап арқылы видеолар тарады.
Орал қалалық ТЖ басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Ольга Протопопова бұған байланысты ешқандай қоңырау шалынбағанын мәлімдеді.