ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қатты желден моншаның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Қаратөбе аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақовтың айтуынша, кеше сағат 20.45 шамасында аудан орталығы Қаратөбе ауылында Қ.Жұмалиев көшесіндегі жеке моншаның шатыры ұшқан.
Моншаның төбесінен құлаған құрылыс материалдарының (қаңылтыр, ағаш) жалпы көлемі - 143 шаршы метр. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кетейік, өңірде желдің күшейетіні жөнінде БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялаған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).