ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қатты желге байланысты бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 25 ақпан күні сағат 21.50-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы», «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы» автожолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті ескерту жарияланғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті жел мектептің шатырын жұлып әкеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).