БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотовтың мәлім еткеніндей, соның 236,6 мыңы – 2022, 250,1 мыңы – 2023, 115,5 мыңы – 2024, 122,1 мыңы 2025 жылдың үлесіне тиеді.
Нұржан Ерболатұлының сөзіне қарағанда, қайтарылған жерлердің 685,1 мың гектары халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға беру, сондай-ақ конкурстарға шығару арқылы, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілді. Бұл көрсеткіш мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жалпы көлемінің 91,2 пайызына тең.
- Сонымен қатар қазіргі уақытта қалған 66,2 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізудің қосымша тетіктері пысықталуда. Атап айтқанда, аталған жерлерді конкурстар арқылы беру, сондай-ақ халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында кезең-кезеңімен пайдалану мәселелері қарастырылып отыр, - дейді Н.Мақсотов.
Оның айтуынша, 2026 жылға жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспарлы көрсеткіш 60,0 мың гектар көлемінде белгіленді. Жыл басынан бері облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан 64,8 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Осылайша, биылғы бекітілген жоспар 108 пайызға орындалып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 74 мың гектар жердің мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған едік.