ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ филиалы бөлімшелерінің бірінде 33 млн астам теңге жымқырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу жүргізілуде.
«Пошта бөлімшесіне бір ЖШС өкілі қаржы аударған. Бұл қаржы одан әрі осы ЖШС есепшотына аударылуы керек болған. Алайда осы қаржының бір бөлігі қолды болған. Келтірілген шығын көлемі 33 млн 142,706 млн теңгені құрады. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады ведомстводан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).