ОРАЛ. ҚазАқпарат - 6 қаңтар күні 23 сағат 28 минутта БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі №21 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Зеленов ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Чинарев кентінде «Казстройсервис» АҚ-ның бір қабатты әкімшілік-тұрмыстық кешені ғимараты өртеніп жатқаны жөнінде хабар түскен.
БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тілсіз жауды ауыздықтауға «Семсер-Өрт сөндіруші» мекемесінен 3 техника мен 19 адам қатысты. Өрттің 7 қаңтар күнгі сағат 00.07-де беті қайтарылып, 02.25-те толықтай сөндірілді. Өрт аумағы 90 шаршы метрді құрады.
Өрттің шығу себебі, келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталуда.
ФОТО: Уральская неделя
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).