«2018 жылдың 14 мамырында сағат шамамен 17:00-дер кезінде «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК батыс аймақтық филиалының инспекторлары рейд жүргізу кезінде БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде (РФ шекарасына жақын) мемлекеттік нөмірсіз және құжатсыз жүрген «ЧС-МОТО» квадрациклін мінген адамды ұстаған. Тексеру кезінде шекара қызметінің капитан шеніндегі шекаралық учаске қызметшісі, квадроцикл жүргізушісі Е.М-дан киіктің 12 дана мүйізі, қарудың чехолы, балта, қарумен атылған еркек киіктің мүйізімен бірге денесі табылды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнына Жәнібек ауданының ІІБ қызметкерлері шақырылған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша тіркелді.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен бірге киікті заңсыз аулау фактісіне қатысты заттай дәлелдерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды Сәкен Ділдахмет.