ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қыздың тізесіне ине кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызға облыстық көпбейінді ауруханада ота жасалды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қыз кілемге отырған кезде ине кіріп кеткен. Бір тәулік өткеннен кейін дәрігерге жүгінген.
Ине айдаршық үстіне қадалып қалған.
Травматолог-ортопед Берік Рысбаев артроскопиямен (аз жарақаттайтын ота) тізе буынынан инені суырып алды. Оған облыстық балалар ауруханасының дәрігері Дамир Маратұлы көмектескен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).