БҚО-да қызылшамен ауырған 60-қа жуық адам ауруханаға жатқызылды

Фото: pixabay

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында қызылшаға шалдыққан адамдар саны көбейіп отыр. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жыл басынан бері күні бүгінге дейін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 57 адам жатқызылды. Соның ішінде 38-і жазылып шықты. 

– Қазіргі таңда стационарда 19 адам жатса, соның 18-і – балалар, біреуі – ересек адам. Соның ішінде екі бала реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Барлық науқас дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 25 адамның қызылшамен ауырғаны расталғанын жазғанбыз. Онда өңірде жыл басынан бері 29 адамның қызылшамен ауырды деген күдікпен тіркелгені айтылған еді.