БҚО-да көктайғаққа байланысты жол қозғалысы шектелді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының температурасы төмендеп, жаңбыр жаууына байланысты көктайғақ орын алып отыр.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соған орай 10 наурыз күні жергілікті сағат 13.00-де халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент жолының 261-526 км аралығында жүк және жолаушылар таситын көліктер үшін жол қозғалысы шектелді.