ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының температурасы төмендеп, жаңбыр жаууына байланысты көктайғақ орын алып отыр.
БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соған орай 10 наурыз күні жергілікті сағат 13.00-де халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент жолының 261-526 км аралығында жүк және жолаушылар таситын көліктер үшін жол қозғалысы шектелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).