ОРАЛ. ҚазАқпарат – Теректі ауданында көл жағалауында адасқан 4 жасар қыз аман табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖдепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгінСарыөмір ауылы Шалқар көлі жағалауында болды.
Ата-анасыныңқарауынсыз қалған 2015 жылғы қыз сағат 16.32-де жоғалып кеткен.
Құтқарушылардыңжедел іс-әрекеті нәтижесінде қыз сағат 17.03-те бір шақырым жерден аман-есентабылды.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын БҚО-да өрт кезінде мал мен құстың жанып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).