БҚО-да көлік аударылып, ер адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Орал-Атырау жолында қаладан шыға берістегі Желтауда (Свистун гора) сағат 11.00 шамасында болған. Машина жолдан шығып кетіп, аударылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем автокөлігімен 1970 жылғы ер адам көптеген жарақаттармен сағат 11.10-де қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Ол сағат 11.35-те көз жұмған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Фото: zytomyr.info