ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда көпқабатты үйден ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 24 сәуір күні сағат 14.36-да Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйдің үшінші қабатында 1983 жылғы В. деген ер адамның денесі табылды.
Мүрдені көршілер тауып алған.
Марқұм бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алдын ала мәліметке қарағанда, есірткіні шектен тыс көп қолданған. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, өлімнің себебі анықталу үстінде.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, еуропа пішіндес ер адамның денесі екінші және үшінші қабаттың ортасындағы алаңда жатқан.
Бұған дейін өзге оқиғалар жөнінде жазған болатынбыз: Орал тұрғыны бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.
Сондай-ақ бүгін ер адам көпқабатты үйдің дәлізінде екі адамды пышақпен жарақаттады. Олардың бірі жансақтау бөліміне түсті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).