Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, науқас коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты үй карантиніне жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен одан COVID-19 диагнозы нақтыланды.
«Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында қазір коронавирус жұқтырғандар саны 63 адамға жетті, 2 адам індеттен айығып кетті.