БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып отыр.
Облыста коронавирус жұқпасымен 991 адам тіркелсе, соның 48-і – балалар.
Орал қаласында 834 адамның ауырғаны белгілі болса, сондай-ақ аудандардың барлығында коронавирус жұқтырғандар анықталды. Аудандар бойынша ең көбі қалаға іргелес Бәйтерек ауданында – 44. Сондай-ақ Тасқалада – 30, Теректіде – 20, Бөрліде – 17, Сырымда – 16, Жәнібекте – 12, Ақжайық пен Жаңақалада – 5, Бөкей ордасында – 3, Қаратөбе мен Шыңғырлауда – 2, Қазталовта 1 адам тіркелді.
15 маусым күні анықталған 24 науқастың (өсім – 2,5 пайыз) 9-ы – бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. 15-інен эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша сынама алынған. Соңғы ауырғандардың 15-і – Орал қаласының тұрғындары.
«Күні бүгінге дейін облыста 566 адам жазылып шықты. Қазіргі таңда 50 адам провизорлық, 116-сы карантиндік стационарда жатса, үйлерінде оқшауланған 992 адам дәрігерлердің бақылауында», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 адамның ауыр халде жатқанын жазған болатынбыз.